Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Бастад (Швеция) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 94-орында тұрған сербиялық Ольга Даниловичпен шеберлік байқасты.
Бірінші партия 6:4 есебімен сербиялық теннисшінің еншісіне жазылса, екіншісінде Ю.Путинцева бет қаратпады, есеп 6:0 болды. Алайда үшінші, шешуші сетте жеңіліп қалды – 2:6.
О.Данилович финалда әлемнің 55-інші, доданың 1-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакина Онс Жаберден жеңіліп қалғанын жазған едік.