Білім
1 мин оқу 403

17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Болашақ&raquo; бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады. 

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

Квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;

Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;

Тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Бөлісу:
17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар