Теннис
1 мин оқу 180

Жұптық сынның жеңімпаздары

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада Аустрия және Ита&shy;лия&shy;&shy;да ұйымдастырылған теннистен халықаралық турнирде жерлесте&shy;рі&shy;міз&shy;дің бағы жанып, жұптық сында жеңімпаз атанды.</p>

Жұптық сынның жеңімпаздары

Атап айтқанда, Аустрияның Зальцбург қаласында мәресіне жеткен ерлер арасын­дағы челленджер турнирінде Андрей Голу­бев бас жүлдеге ие болды. Жерлесіміз бұл турнирде украиналық Денис Молчановпен бірге жұп құрап ойнап, финалдық сайыста үндістандық теннисшілер – Анируд Сан­драсекар мен Виджай Сундар Прашантпен шебер­лік байқасты. Бірінші партияда қазақ­стандық-украиналық жұп 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте тай-брейкте басым болды – 7:6 (10:8).

Ал Италияның бас шаһары – Рим қала­сында өткен әйелдер арасындағы W60 санатындағы турнирде Жібек Құламбаева үздік шықты. Ол Беларусь өкілі Юлия Готовкомен бірге финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген колум­биялық Юлиана Лизаразо мен Мария Пау­линамен кездесіп, екі сетке жалғасқан ойын­да қазақстандық-беларусьтік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Жұптық сынның жеңімпаздары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар