Саясат
2 мин оқу 223

Саяси диалогті ілгерілету маңызды

<p style="text-align: justify;">12-13 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған делегация Вашингтонға жұмыс сапарымен барды.</p>

Саяси диалогті ілгерілету маңызды

Америкалық әріптестермен екіжақты өткен кездесуде тараптар кеңейтілген стратегиялық серік­тестікті одан әрі жан-жақ­ты­ нығайту бойынша өзара бағытты растады. Ақ үйде және Мемлекеттік департамент­те­ өткен келіссөздер сая­сат,­ қауіпсіздік және сауда сала­сындағы ең өзекті мәселелер бойын­ша саяси диалогті одан әрі жандандыруға екі жақтың мүдделі екенін растады.

Кездесулерде Қазақстан делега­циясының мүшелері  америкалық әріптестеріне Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың­ бастамасымен жүргізіліп жат­қан реформалары туралы әңгімелеп берді. Соның ішін­де заңсыз иемделінген активтерді мемле­кетке қайтару туралы заң жө­нінде ақпарат берді. Демокра­тия­лық реформалардың уақ­ты­лы жүргізілгенін құптай оты­рып, америкалық тарап олар­ды қолдайтынын және іс жүзінде жүзеге асыруға көмек­те­суге да­йын екенін мәлімдеді.

Қазақстан делегациясы ядро­­­лық қарусыздану және тарат­­­­пау саласындағы көш­­басшы екеніне назар аудар­­ды. Келіссөздер барысын­да­­ Мемлекет басшысының Халық­ара­лық биологиялық қауіпсіздік агент­т­ігін құру туралы бастамасын жүзеге асыру тәсілдері талқыланды.

Сонымен қатар Конгресс мүшелерімен, оның ішінде Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Майкл Макколлмен, «Қазақстан достары» конгресіндегі кокус­тың­ тең төрағалары Джимми Панетта, Роберт Адерхолтпен кездесу өтті. Келіссөздер барысында басты назар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары ара­сындағы тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнатуға, Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою үдерісін белсендіру мәсе­лесіне назар аударылды. Тарап­тар парламентаралық байл­а­ныстарды дамытудың маңы­зы­ туралы ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ KazAID-тің USAID-пен серіктестігінің әле­уетін атап өткен жөн. Агент­тік басшылығымен кезде­су­де тараптар Транскаспий бағытын дамытуға және Қазақ­стандағы энергетикалық кө­шуге қызығушылық танытты. Делегация мүшелері сонымен қатар жетекші америкалық ой-талқы орталықтары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Бөлісу:
Саяси диалогті ілгерілету маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар