Өрт ережелерін бұзған адамдарды дрон анықтайды
<p style="text-align: justify;">Қосымша тепловизор құрылғысы Алматының таулы-орманды жерлерінде от жағу орындарын сондай-ақ өрт ережелерін бұзушыларды жедел анықтап, оқиға орнына мобильді топтар жіберіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ол жергілікті таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған кезде іске қосылады.
Айта кетсек, ұлттық саябақтың орманды алқабы мен ерекше ландшафты өртті сөндіру жұмыстарын едәуір күрделендіреді.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарында ұшудың максималды жылдамдығы - бір сағатта 80 км дейін және оның бірнеше жұмыс режимі бар.
Заманауи құрылғы көлденеңінен 8 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 м биіктікке көтеріле алады, ауаьрайына және тәулік уақытына қарамастан, жылу анықтау камерасымен жабдықталған дрондармен тауда жоғалып кеткен адамдарды тез табуға болады.
Бұл заманауи құрылғы зардап шеккен адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізуді және құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етеді. Мониторингілеу жұмыстары 3 дронмен іске асады.
Бүгінгі таңда таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тауларда 160 от жағу жағдайларына жол берілмеді. Жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын 92 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.