Бүгін елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ, дауыл күтіледі.
Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Ел бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық сақаталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.