Көрме
2 мин оқу 290

Балғындардың көркем әлемі

<p style="text-align: justify;">Алматыда балдырған суретшілерді баулитын орталықтар аз емес. Әлемге балалар көзімен үңілсеңіз, өнерден өрнек іздеген өрендердің өмірді қабылдауы да әртүрлі екенін байқар едіңіз.</p>

Балғындардың көркем әлемі

Жуырда шығармашыл балаларды бір алаңда жинаған сурет көрмесі өтті. Жобаға жүз­­деген жеткіншектің жеке жұ­­мыстары қойылған. Көрме қаты­сушылары ішінде халық­аралық байқауларда топ жар­ған таланттар бар. Заңғар көк­ке қол созған асқар таулар, қыз­ғалдағы құлпырған жазира жоталар, айнадай тұнық айдын көлдер олардың арманына қанат бітірген.

Шаһардағы «Бірге жасай­мыз» жобасы мен «Сен сурет­шісің» шеберханасы кескін­деме мектебі ретінде 10 жыл бойы қалалық және аудан­дық көрмелерге бел­сенді қа­тысып келеді. Жас сурет­ші­лерге арнап Қазақстан мен Украи­наның белгілі бейнелеу өнер шеберлері шығармашылық са­бақтар, түрлі пленэрлер өт­кізуді дәстүрге айналдырған. Мектеп түлектері бүгінде тек Алматы қаласының ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ан­глия, Аустралия және бас­қа да елдердің көркемсурет кол­ледж­дері мен жоғары оқу орын­дарының студенттері.

Ең бастысы – аталған шы­ғар­машыл орта тек бала­лар­ды ғана емес, өнерге немқұрайды қарамайтын, өз дарындарын шыңдағысы келетін түрлі жас­тағы адамдарды біріктіре біл­ген. Себебі шығармашылық ұш­қынын әрбір адамның бо­йына­н табуға болады дейді жо­ба авторлары. Кенеп бе­тінде се­німді сырғыған қыл­қа­лам қимылынан түрлі жо­лақ­тар, бояулар мен бейнелер пай­да болып, соңында тамаша бір картинаның дүниеге келуін бақылау бір ғанибет. Балалар шығармашылығын қолдау, ата-аналар мен оқыту­шылардың өзара қарым-қаты­настарын дәріптеу мақсатында ашылған көрме шаһар тұр­ғындары мен қонақтарына жай­лы әсер сыйлады.

Бейнелеу өнерінің барлық түрін қамтыған туындылар жас шеберлердің ішкі әле­мін­дегі толқынысын паш етеді. Қаншама жазықсыз жан­дар жапа шеккен әскери қақтығыстар, әлемдегі геосая­си тұрақсыздық балалардың да көңіл алаңына айналған. Адамзатты бейбіт өмірге шақырған картиналарда балалар жыламаса, ата-аналар аман болса деген әппақ тілек жатыр. Бірлік пен ын­ты­мақ­ты ту еткен кенеп жа­ғын­ды­­ларынан тазалықтың иісі аң­қиды.

Бөлісу:
Балғындардың көркем әлемі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар