Кино
1 мин оқу 300

Жаңа фильм жарыққа шығады

<p style="text-align: justify;">Алматыда Tiger Films продюс&shy;ерлік компания&shy;сының ке&shy;зекті толықметражды фильмі&shy;нің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа кар&shy;ти&shy;надағы басты рөлдерді елі&shy;мізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның ал&shy;ғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.</p>

Жаңа фильм жарыққа шығады

«Ұрлықшылар» деп ата­латын картинада қос жетімнің үлкен қаладағы өмір қиындықтары, шы­­­тырман оқиғалары су­рет­теледі. Tiger Films про­дюсерлік ком­па­ния­сының ұжымы Нью-Йорк кино­академиясының тү­легі Алёна Алмаздың отандық киноға қосар үле­сі мол екеніне сенімді.

«Мен қазақ кино­сына Ба­тыстың түсі­рі­лім технологиясын алып келгім келеді. Осы­лай­ша көрерменнің отан­дық киноға деген қызы­ғушылығын арттыруды көздеймін. Қазір Батыс фильмдеріне деген сұраныс жоғары. Тым болмаса таразының екі басын теңестіру де нә­тиже. Өйткені қазір жақ­сы отандық фильм­дер түсіріліп жатыр. Фильм Балалар үйін­­де тәрбиеленген Әмір мен Сана есімді кейіп­кер­лердің өміріне құ­­рылған. Олар аштық­пен күресу үшін ұрлық жасап өседі. Мектеп бі­тірген соң Әмір мен Сана бағалы заттарды жым­қыруға бет бұрады. Байлардан ұрлап алғанын мұқтаждарға таратып бе­реді. Жетімдер өмі­ріндегі шытырман оқиға осылай басталады», дейді режиссёр.

Фильмдегі экстремалды қи­мыл­дар­ды ак­терлердің өздері орындайды. Жаңа картина Kinopark & Kinoplexx ки­но­театр­ларынан 18 қаң­­тардан бастап көр­се­тіледі.

Бөлісу:
Жаңа фильм жарыққа шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар