Ауа райы
1 мин оқу 1,333
Елімізде жаңбыр жауып, күн суытады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжамы бойынша, 20-22 шілдеде Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, күн суытуы ықтимал, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.
Бөлісу: