Спорт
1 мин оқу 280

Алтынды «атып» алды

<p style="text-align: justify;">Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.</p>

Алтынды «атып» алды

2005 жылғы Азия чемпионы және 2006 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, бүгінде жаттықтырушы болып еңбек етіп жүрген Рашид Юнусметовтің шәкірті Ни­ки­та Чирюкин Кореядағы бәсекеде кіші калиб­рлі тапаншамен 25 метрден оқ ату бағ­дарламасында өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыздан ке­йін­гі жарыстың жүлделі орындарын қытай­лық Чжан Чжихао (күміс) мен жарыс қожа­йыны Сук Джин Хонг (қола) иеленді. Бұл – Чханвон қаласында өтіп жатқан чем­пионаттағы Қазақстан құрамасының ал­ғаш­қы жүлдесі. Осы көрсеткішпен жерлес­теріміз жалпыкомандалық есепте 9-орынға көтерілді.

Оңтүстік Кореядағы әлем біріншілігіне жер-жаһанның 45 мемлекетінен келген 600 спортшы түрлі түсті жүлделерді сарапқа салып жатыр. Әлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады.

Бөлісу:
Алтынды «атып» алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар