«Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне жолдама алды
<p style="text-align: justify;">Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» командасы Тбилисидің «Динамосымен» қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. <a href="https://prosports.kz/kz">Prosports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Астанадағы алғашқы матчта командалардың ойыны 1:1 есебімен тең аяқталған еді.
Тбилисидегі кездесуде Қазақстанның «Астана» командасы грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын 1:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Aikun.kz сайтының дерегінше стадионға шамамен 5 мыңға жуық жанкүйер жиналған, оның ішінде Қазақстаннан 150-ден астам жанкүйер арнайы келген.
Екінші кезеңде «Астана» хорватиялық «Динамо Загреб» командасымен кездеседі.
Бұған дейін бір-екі рет бақ сынасқан аталмыш командалардың бірінші ойыны 25 шілде күні «Динамо Загреб» командасының алаңында өтсе, қарымта кездесу 1 тамызда Қазақстанда «Астана аренада» өтеді.