Бокс
1 мин оқу 280
Айдын Елжанов АҚШ-та шаршы алаңға шығады
<p style="text-align: justify;">Отандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың АҚШ-та қашан жұдырықтасатыны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Aikyn.kz сайтының жазуынша, қазақстандық боксшы осы айдың 22-сі күні Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында рингке шығуы тиіс болатын, алайда, жоспарланған жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмей қалған еді.
BoxRec.com ақпаратынша, Айдын Елжановтың ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерс қаласында өтеді. Оның қарсыласы – бірде-бір рет жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Энди Бельтран. Жекпе-жек алты раундқа созылады.
Бөлісу: