Жемқорлық
1 мин оқу 764

Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қамауға алынды. Ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады», делінген хабарламада.

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», деп қосты ҰҚК баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар