Денсаулық
1 мин оқу 850

Екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шықты

<p style="text-align: justify;">Қарағанды қаласында дәрігерлер екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құртты алып шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p> <h5 style="text-align: justify;"><strong>&nbsp;</strong></h5>

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша екі жастағы баланың ата-анасы денсаулық сақтау ұйымына 18 шілде күні келіп, 19 шілдеде қайтадан шақырылып, дәрігерлердің тексеруінен кейін бала ауруханаға жатқызылған.

Қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болса да, ата-анасы дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастаған кезде барған. 

Баланың мұрнынан 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігі шыққан.

«Бұл сирек кездесетін жағдай», дейді дәрігерлер.

Бөлісу:
Екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар