Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты
<p style="text-align: justify;">19 шілдеде Бурабай ауданының орман алқабында «Учаске» ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақүйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісі, сондай-ақ оның 4 патроны табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.