21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
<div class="art-box" style="color: #0b67cd; text-align: justify;"><span style="text-align: justify; color: #000000;">Қазгидромет 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></div>

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы - жауын-шашынсыз.
«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», дейді синоптиктер.
Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.