Қоғам
1 мин оқу 280

Алматыдағы аудандардың бірінде су беру шектелді

<p style="text-align: justify;">Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматыдағы аудандардың бірінде су беру шектелді

«Алматы Су» мекемесінің хабарлауынша, бұл судың ластануына байланысты жасалған шара.

Су беру көздеріндегі жауын-шашынға байланысты бастапқы судың лайлану деңгейі көтерілді. Сондықтан су қабылдау уақытша тоқтатылды. 

Осының салдарынан мына мекенжайлар бойынша орналасқан тұтынушыларға су беру шектелген:

  • Юбилейный ша;
  • Тау самалы ша (Каменское үстірті);
  • "ВИП Алем" коттедж қалашығы;
  • "Европолис" ТҮ;
  • Керей Жәнібек Хандар к;
  • Оңдасынов к;
  • Әулие Ладушкина к;
  • Оспанов к;
  • Қыз Жібек к;
  • Жәнібеков к;
  • Найманбаев к;
  • Достық даңғылы;
  • Чайкин к.

Мына көшелердің бойында желілердегі су қысымының төмендеуі байқалады:

  • Қажы Мұқан к;
  • Байжанов к;
  • Луганск к;
  • Достық даңғылы;
  • Нұрмағамбетов к;
  • Сахариев к;
  • "Көк төбе" ша;
  • "Самал 1-3 ша";
  • Горный гигант" ша.

Тау өзендеріндегі судың лайлылығының шоғырлануының қалыпқа келуіне байланысты су қайта қалпына келеді.

Бөлісу:
Алматыдағы аудандардың бірінде су беру шектелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар