Ауыл
1 мин оқу 280

Шаруасына ыңғайлы шағын трактор құрастырған

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысындағы ауыл тұрғыны Орынбасар Көбеев үй іргесіндегі жұмыстарға ыңғайлы шағын трактор құрастырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аса ауылында тұратын Орынбасар Көбеевтің техникасы қазір жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысатын оған қыстыгүні жем-шөп тасып, қи шығару едәуір қиындық тудырғандықтан қора- жайға сыйымды болатын трактор жасауды қолға алыпты. Ол трактор шанақтарын қалдық темірлерден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.

Ол техникаға «Барыс-86» деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, шағын тракторы 200 келіге дейін жүк көтеріп, 2 тонна болатын көлікті сүйрей алады.

Өнертапқыш Орынбасар Көбеев шағын тракторымен көрші-қолаңдары мен ауылдас ағайынға да қолғабыс етіп жүр.   

Бөлісу:
Шаруасына ыңғайлы шағын трактор құрастырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар