Төтенше жағдай
1 мин оқу 290
Катонқарағайда таудан құлаған турист ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысындағы тауда аттан құлаған турист қызға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.</p>
22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Катонқарағай ауданының дәрігерлері Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен жедел ұшып барған.
Жарақат алып, есінен танып қалған 27 жасар турист қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тікұшақпен Катонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізілген.
Бөлісу: