Футбол
1 мин оқу 225

«Тобыл» да келесі кезеңге өтті

<p style="text-align: justify;">Футболдан УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында бақ сынаған Қостанайдың &laquo;Тобылы&raquo; Финляндияның &laquo;Хонка&raquo; командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша басым түсіп, турнирдің екінші айналымына шықты.</p>

«Тобыл» да келесі кезеңге өтті

Қостанайда өткен алғашқы матчта жер­лестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, қарымта матч алдында аздаған басымдыққа ие болған еді. Ал Финляндиядағы жауапты кездесудің негізгі уақыты тең есеппен аяқталып (0:0), «Тобыл» Конференция лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Бұл кезеңде Қостанайдың клубы Швей­царияның атақты «Базель» командасымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ аталған турнирдің екінші сатысында Шымкенттің «Ордабасы» командасы Польшаның «Легиясымен», «Ақтөбе» болса «Торпедо Кутаиси» (Грузия) клубымен кездеседі. Үш ойын да 27 шілдеге жоспарланған.

Бөлісу:
«Тобыл» да келесі кезеңге өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар