Төтенше жағдай
1 мин оқу 170

Астанада өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Астанада жекеменшік жатақханадан шыққан өрт сөндіріліп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.</p>

23 шілде күні сағат 21.57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарлама алып, оқиға орнына жетті. Өрт 2-қабаттағы бөлмеде 20 шаршы метр аумақта шыққан. Тілсіз жау тез таралып, өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеген.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен иінді үш көтергіш арқылы 2 адам құтқарылды, 60 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.

ТЖД күштерімен тілсіз жау сағат 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілген.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген. 

Бөлісу:
Астанада өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар