Медицина
1 мин оқу 311

Астанада екі жасөспірімнен АИТВ індеті анықталды

<p style="text-align: justify;">Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы АИТВ індетіне қатысты жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сархат Бейсенова жыл басынан бері қанша АИТВ инфекциясы анықталғанын айтты. 
«Ресми ақпаратқа сүйенсек, жарты жылда Астанада АИТВ инфекциясының 206 жағдайы тіркелген. Қателеспесем, екі жағдай жасөспірімдер арасында анықталған», деді Сархат Бейсенова.

Бұдан басқа, елорданың бас санитарлық дәрігері қалада қызылша, А және В гепатиті аурулары да белең алып бара жатқанын тілге тиек етті. Осы тұста Сархат Бейсенова белгісіз жерлерде және субұрқақтарда суға түспеуге кеңес берді.

Бөлісу:
Астанада екі жасөспірімнен АИТВ індеті анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар