Оқиға
1 мин оқу 240

Жетісу облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында ауыр жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Болған оқиғаға орай, ҚТЖ жүргізушілерді жолда қырағылық танытуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Бөлісу: