Елорда
2 мин оқу 323

Астанада су мен ауаның сапасына мониторинг жүргізіліп жатыр

<p style="text-align: justify;">Бас қаланың санитарлық қызметі атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін ауыз су сынамаларын іріктеудің 44 бақылау нүктесінде және 39 нүктеде мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өткен алты айда бақылау нүктелерінен санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 255 ауыз су сынамасы алынды, оның ішінде санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 11 сынама сәйкес келмеді: 10 – Интернациональный және Мичурино елді мекендерінің ұңғымаларындағы қаттылық, құрғақ қалдық және марганец бойынша.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 сынама талаптарға сәйкес келмеді (Сарыарқа ауданындағы су жинау бағаналарынан іріктелген).

«Судың микробиологиялық көрсеткіштерінің сәйкес келмейтін нәтижелері бойынша «Астана Су Арнасы» қызмет көрсетуші компаниясы алдын алу іс-шараларының кешенін – жуу және дезинфекциялау жүргізді, содан кейін судың іріктелген бақылау сынамалары белгіленген нормаларға сәйкес келеді. Күн райы жылы уақытта ашық су айдындары – Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері мен Астана су қоймасы суының сапасына мониторинг жүргізіледі, ол үшін тұрмыстық су пайдалану орындарында, рекреация аймақтарында және нөсер шығаруларынан бақылау нүктелері айқындалды, сондай-ақ субұрқақтар суына мониторинг жүргізіледі», деп хабарлады онлайн-брифингте Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Субұрқақ кешендерінің суын зертханалық тұрғыда зерттеу нәтижелері бойынша маусым айында санитарлық-химиялық және 1 микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндерге 4 сәйкессіздік анықталды. Қазір тиісті органдар субұрқақтарды тазалау, жуу жұмысын жүргізуде.

Мониторинг аясында 2023 жылы атмосфералық ауаның 9591 сынамасы зерттелді, ШРК артуы келесі ингредиенттер бойынша 626 сынамада анықталды: күкіртсутек, күйе, шекті көмірсутектер, азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді.

Атмосфералық ауаның ең көп ластануы қыс мезгілінде байқалады, бұл жылыту маусымына, ЖЭО-да жанатын отын мөлшерінің ұлғаюына, жеке секторда пешпен жылытуды пайдалануға және отын сапасына, автокөліктің ұзақ жұмыс істеуіне байланысты болады.

Бөлісу: