Спорт
1 мин оқу 110

Төрт жүлде жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">21-23 шілде күндері Малайзия&shy;ның Малакка қаласында ұйымдастырыл&shy;ған пара каратэден Азия чемпионатын&shy;да жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль олжалады.</p>

Төрт жүлде жеңіп алды

Пара спортшылар арасындағы сары құрлық додасына Азияның 6 мемлекетінен келген 50 спортшы қатысты. Азия бірін­шілігіне Қазақстан құрамасының бес спортшы қатысып, нәтижесінде 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, әйелдер арасында­ғы бәсекеде Ләззат Жүсіпова мен Хазгүл Изма­ғамбетовалар өз салмақ дәрежелерінде үздік шығып, алтыннан алқа тақса, ерлер жарысында бақ сынаған Дидар Мұхамеджанов пен әйелдер арасында өнер көрсеткен Нұржайна Жаннетова финалдық сайыс­та қарсыластарына есе жіберіп, Азия чем­пионатының күміс жүлдесін иеленді.

Бөлісу:
Төрт жүлде жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар