Хоккей
1 мин оқу 110

Дайындықты бастады

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың &laquo;Барысы&raquo; жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бас&shy;тады.</p>

Дайындықты бастады

Кеше хоккейшілер «Барыс Арена» спорт кешеніндегі мұзайдында алғашқы жат­тығуын өткізді. «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка жаттығу үдерісіне аз­даған өзгерістер енгізгенін айтты. «Біз енді бұрынғыдай екі жаттығу жиынын емес, қысқа-қысқа бес жаттығу кезеңін өткіземіз деп жоспарладық. Әрқайсысы әр бағытта жүреді. Негізінен сырғанау жаттығуына көбірек көңіл бөлеміз», дейді А.Скабелка.

Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің биылғы маусымындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйек күні елордада Өфенің «Салават Юлаев» командасымен өткізеді. Ал 4 қыркүйекте «Сибирь» клубымен кездеседі. Кейіннен сырт алаңдағы ойындар сериясына қатысу үшін Новосібірге аттанады.

Бөлісу:
Дайындықты бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар