Оқиға
1 мин оқу 220

Шымкентте қала әкімдігінің алдында орналасқан субұрқаққа бала батып кетті

<p style="text-align: justify;">Шымкентте 10 жасар бала қала әкімдігінің алдында орналасқан субұрқаққа батып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 19:14-те болған. Қаратау аудандық унитарлық кәсіпорнының 102 пультіне қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқақта бала қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 10 жасар жасөспірімнің абайсызда суға түсу кезінде суға батып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде баланың денесінде көзге көрінетін жарақаттар табылмады.

Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі ІІБ ТЖД-да тіркелді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Шымкентте қала әкімдігінің алдында орналасқан субұрқаққа бала батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар