Құрылыс
2 мин оқу 250

Мектеп құрылысының сапасы

<p style="text-align: justify;">Қазір мектепте орын тапшылығы, апатты нысандар жиі көтеріліп жүр. &laquo;Жайлы мектеп&raquo; ұлттық жобасына сәйкес Алматы қаласында 2025 жылға қарай 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр.</p>

Мектеп құрылысының сапасы

Алматы қаласы әкімдігі жобалық кең­сесінің мәлі­ме­тінше, құрылыс мектепке зәру елді мекендерде жүргізіледі. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құ­жат­тарды әзірлеу жұмыстары басталды. Мектептердің құрылысы биыл қараша айында сараптамадан өткеннен кейін қол­ға алынбақ. Қала әкімдігі мен бір­қатар аудандағы жер телім­дерінің иелері сегіз мектептің құрылысы туралы меморандумға қол қою жұмыстарын іске асырып жатыр. Жаңа форматтағы мектептер бойынша Алатау, Наурызбай аудандарында – 5 мектептен, Бостандық ауданында – 4, Түрксіб ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2, ал қалған аудандарда бір-бірден салу жоспарланып отыр.

Жуырда Алматы қала­сының әкімі Ерболат Досаев «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және өзге де жауапты орындар өкілдердің қатысуымен өткен жиында мектептердің құрылысын сапалы жүргізу және уақы­ты­лы пайдалануға беру жөніндегі бас­қарма­лар­дың жұмысын жеделдетуді тапсырған болатын.

Әкімдік қаланы білім беру мекеме­ле­рімен қамтамасыз етудің мемлекеттік тап­сырыс, жер телімі иелері салған мектепті дайын болғанда сатып алу және мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік аясын­дағы құрылысы сияқты 3 тетігін пай­даланбақ. Жобаны іске асыруға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ балансындағы 10 жер учаскесін қала әкімдігі тапсырысты орындаушыға берді. Екі учаске қолданыстағы ескі мектеп ғимараттарын (№97 және №154 лицей) бұзғаннан кейін пайдаланылады. Қазіргі кезде Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысындағы тағы бір учаскені сатып алу құны бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жоспарға сәйкес жайлы мек­тептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­ларға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Сонымен қатар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушы­лары мен жоғары сынып оқушы­ла­рының мектепке кіріп-шы­ғуына бөлек кіреберістер қа­рас­тырылған. Лифт, электронды кітапханалар және хоккей корты, жеке бұйымдарын қоюға арналған шкафтар да оқушы­лардың қолайлы білім алуына лайықталып жасалады. Пайдалы демалыс ұйымдастыру үшін әр қабатта коворкинг алаң­дар, Face ID және QR-кодтар қойылып, автоматты түрде құлыпталатын және әкім­шілік мектеп ғимараты мен ауласындағы жағдайды нақты режімде қадағалап отыруы үшін бейнебақылау жүйелері де орнатылатыны білім алу меке­мелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ.

Бөлісу:
Мектеп құрылысының сапасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар