Ауа райы
1 мин оқу 191

Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан&nbsp; синоптиктері 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында аптап ыстық болады. Ауа температурасы +40+43 градусқа дейін жетеді.

«Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғуы ықтимал», делінген хабарламада.

Айта кетсек, биылғы жаз Қазақстанның барлық дерлік өңіріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар