Аймақтар
1 мин оқу 145

Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында қозғалыс шектеледі

<p style="text-align: justify;">Құбырды жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір ай бойы жол жүруге жартылай шектеу енгізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында қозғалыс шектеледі

«28 шілдеде сағат 22:00-ден 27 тамызға дейін Алматының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойымен – Байзақов көшесінен Батыс бағыттағы Казаков көшесіне дейін автокөліктер үшін қозғалыс жабылады», делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС таратқан хабарламада. 

Компанияда аталған жол учаскесінің жүру бөлігімен өтетін құбырдағы жоспарлы жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілгенін түсіндірді.

«Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала болжауларыңызды сұраймыз», деп хабарлады ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында қозғалыс шектеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар