Тағайындау
1 мин оқу 405

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих», «Экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы № 239 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1995-2004 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, аппарат басшысы болды.

2004-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың шілде айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Бөлісу: