Қоғам
1 мин оқу 270

Қостанай облысында есірткі таратқан 11 адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының полицейлері 58 келіден асатын марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қостанай облысында есірткі таратқан 11 адам ұсталды

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, облыс аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстады.

«Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Оны тарату үшін шағын орама жасап отырған.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов. 

Сонымен қатар ол ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу: