Теннис
1 мин оқу 232

Президент кубогі сарапқа салынды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері елордадағы &laquo;Beeline arena&raquo; ұлттық теннис орталығында Президент кубогі аясындағы &laquo;ATP Challenger Tour&raquo; және &laquo;ITF World Tennis Tour&raquo; турнирлері өтіп жатыр.</p>

Президент кубогі сарапқа салынды

2007 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған Президент кубогі жарысының екінші күнінде үш отандасымыз кортқа шығып, үшеуі де жарыстың екінші айналымына жолдама алды. Әлемдік рейтингте 375-орында тұрған 26 жастағы Дмитрий Попко алғашқы кездесуін түркиялық Корай Кирчимен өткізіп, қарсыласын үш сетке жалғасқан ойында 6:4, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Попко ширек финалға шығу үшін кеше өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен шеберлік байқасты.

Сонымен қатар былтырғы Президент кубогі жа­рысының финалисі Денис Евсеев жаңа­зе­лан­диялық Аджит Раиден екі сетте (6:4, 6:1) басым түсті. Оның келесі қарсыласы – Израиль өкілі Орель Кимхи. 19 жастағы отандасымыз Ислам Орынбасар әлемнің 616-ракеткасы үндістандық Прджвал Девті (6:4, 1:6, 6:3) жарыс жолынан ығыстырып, турнирдің кіші­гі­рім сен­сациясын тіркеді. Ислам екінші айналымда осы жарыстың 2-ракеткасы ретінде тір­келген жаңазеландиялық Бенджамин Локпен күш сынасады.

Бөлісу:
Президент кубогі сарапқа салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар