Футбол
1 мин оқу 200

Ұлттық құраманың тізгінін ұстады

<p style="text-align: justify;">Отандық футбол жаттықтырушысы Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құ&shy;ра&shy;&shy;масының бас бапкері болып та&shy;ғайын&shy;далды. Бұл туралы Қазақстан фут&shy;бол федерациясының баспасөз қыз&shy;меті мәлімдеді.</p>

Ұлттық құраманың тізгінін ұстады

52 жастағы Мадияр Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары ол «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда ол «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері болып жұмыс істейді. Ал бұған дейін еліміздің әйелдер құрамасын ресейлік маман Александр Семенов жаттықтырып келген еді.

Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қоры­тындысы бойынша біздің команда С лига­сы­ның төртінші тобында Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен ойнайды. Топ­тық кезеңнің матчтары осы жылдың 20 қыр­күйегінде басталып, 2023 жылдың 5 жел­тоқсанына дейін жалғасады.

Бөлісу:
Ұлттық құраманың тізгінін ұстады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар