Қоғам
2 мин оқу 260

Теміржол тасымалындағы түйткіл

<p style="text-align: justify;">Ел экономикасының күретамыры іспетті теміржол тасымалы қашан да жоғары сұранысқа ие. Мемлекет бақылауындағы, қалың бұқараның қырағы назарындағы сындарлы саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, даму барысы, келелі мәселелері &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; Ұлттық компаниясы&raquo; Акционерлік қоғамының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы және екінші жартыжылдығының негізгі міндеттерін айқындауға арналған кеңесінде кеңінен сөз болды.</p>

Теміржол тасымалындағы түйткіл

Еліміздегі жүк тасымалы айналы­мының 50 пайыздан астам үлесі Қазақ­стан темір жолына тиесілі. Сала бойын­ша өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­тырғанда қатысты негізгі өндірістік көр­сет­кіштерді орындаудың оң дина­ми­­касы байқалады. Биылғы жылдың
6 айын­да тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд тонна км неттоны құраған, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ға жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ға өсіп, 27,8 млрд тонна-километр нет­тоға жеткен. Контейнерлік транзит 26%-ға өскен. Қазақстаннан Қытайға экспорттық жүктерді тасымалдаудың өсімі қамтамасыз етіліп, көлемі 5,7 млн тон­надан асты. Бұл өткен жылғы дең­гейден 27%-ға артық.

Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жо­лаушы-км, бұл 2022 жылғы деректен 1,2% жоғары. Жылдық жолаушылар теміржол тасымалының үштен бірі жазғы кезеңге келеді, көрсеткіш жылдық жолаушылар айналымы жалпы үлесінің 32%-ын құ­райды. 2023 жылдың 1 маусымы мен 20 шіл­десі аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 2,1 млн астам адам тасымалданған. Жалпы, 2022 ­жы­лы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарын 13,9 млн жолаушы пайдаланды. Өткен жылы жаздың үш айында 4,4 миллион жолаушы (айына бір миллионнан астам жолаушы) тасымалданды. Күзгі кезеңде тасымалдау үлесі 23% немесе 3,3 млн жолаушыны, қысқы кезеңде 20% немесе 2,8 млн жолаушыны, көктемгі кезеңде 25% немесе 3,4 млн жолаушыны құрайды. Теміржол желісі бойынша 14 тасымалдаушы қызмет көрсететін 140 маршрут тұрақты жүреді.

Есепті кезеңде шамамен 600 км темір­жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезең­нен 100 км артық. Осы жылы жөн­деу жұмыс­тарының барлық түрі бойынша 1 126 км магистральді сауықтыру жоспарлануда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жылжымалы құрам паркін жаңар­ту бойынша жұмыстар да жүйелі жүргі­зілуде. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде.

Кеңесте қозғалыс қауіпсіздігін қамта­масыз ету және еңбекті қорғау мәселелері ерекше сөз болды. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін бірқатар мамандарға тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылғаны мәлім етілді. Қалай дегенде де, өнді­рістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаң­да­та­ды. Анықталған ескертулерді жою, өнді­рістік жарақаттануды азайту, сон­дай-ақ санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдай­ларын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Қозғалыс жұмысын арттыру, жолау­шы­ларға қызмет көрсету сапасын жақ­сарту, сапасы төмен пойыздар, тоз­ған ва­­гондар санын азайту жөнінде нақ­ты­лы тап­сырмалар берілді. Күзгі-қысқы ке­зеңде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (ас­тық, көмір) тасымалдауды сапалы, уақ­­ты­лы орындауға баса назар аударыл­ды.

Бөлісу:
Теміржол тасымалындағы түйткіл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар