«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды
<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>

Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп айыпталды.
Осы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.