Теннис
1 мин оқу 70

Анна Данилина Гамбургтегі турнирдің финалына шықты

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда италиялық теннисшілер Анжелика Морателли мен Камилла Розателломен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік теннисшілер қарсыластарын 3:6, 7:6, 10:3 есебімен жеңді.

Енді олар финалда америкалық-чехиялық жұп Анджела Куликов пен Мириам Колодзиевамен ойнайды.

Бөлісу:
Анна Данилина Гамбургтегі турнирдің финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар