Спорт
1 мин оқу 133

Тарихи жүлдені тарту етті

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Италияның Милан қала&shy;сында семсерлесуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Апеннин түбегіндегі са&shy;йыста бақ сынап жатқан отандастарымыз кеше тарихи жүлдеге қол жеткізді.</p>

Тарихи жүлдені тарту етті

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша Милан қаласында алауы тұ­танған әлем чемпионатында ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов ел спортшылары арасында тұңғыш рет жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Семсерлесу спорты бойынша әлем чемпионаттары тарихында бұған дейін бірде-бір спортшымыз бұл межеден көріне алмаған болатын.

Дегенмен жерлесіміз жартылай финалда мажарстандық Мате Кохке жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Аса тартысты өткен кездесуде Құрбанов 10:15 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, ел қоржынына семсерлесу спортынан әлем чемпионатындағы алғашқы қола жүлдені салды. Айта кетейік, отандасымыз жарыстың 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) жеңген. Оған дейін аустриялық Джо­зеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спорт­шының қатарына қосылған-ды.

Былтыр Мысыр астанасы Каирде өткен әлем чемпионатында Руслан Құрбанов пен Эльмир Әлімжанов ширек финалға дейін жеткен еді.

Бөлісу:
Тарихи жүлдені тарту етті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар