Төтенше жағдай
1 мин оқу 410

Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында сел жүру қаупіне байланысты Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжамынша, Алматының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады.

«Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында: «Қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып, таулы жерлерде селдердің пайда болу қаупі бар. 28-31 шілде күндері Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектеледі», делінген.

Бөлісу:
Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар