Қаржы
2 мин оқу 510

Доллар бағамы өсті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,98 теңгеге көтеріліп, 445,68 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,24 теңгені (-0,04) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 495,37 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 488,5-492,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Ал 28 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға төмендеп, барреліне 83,75 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,46%-ға арзандап, барреліне 79,72 долларды құрады.

Бөлісу:
Доллар бағамы өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар