Құтқарушы
1 мин оқу 280

Құтқарушылар екі баланы құтқарды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011, 2012 жылғы екі баланың қалып қойғаны туралы хабарлама &nbsp;келіп түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері бірден оқиға орнына жіберілген.

«Құтқарушылар тобы серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған баланың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады»,  делінген облыстық ТЖД мәліметінде.

Алматы облысы ТЖД кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды.

Бөлісу:
Құтқарушылар екі баланы құтқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар