Оқиға
1 мин оқу 320

Қостанайда жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Қостанай &ndash; Сарыкөл тас жолында жол апаты болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ВАЗ-21099-дың 22 жасар жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы болған, арасында жүкті әйел бар.

Соқтығысқан аталмыш екі көліктің жүргізушілері алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттар алған  үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Бөлісу: