Тағайындау
1 мин оқу 440

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар болды

<p style="text-align: justify;">ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлерді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері Қару-жарақ бастығы болды.

Қорғаныс министрлігі ресми сайты 

Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) орынбасары – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 

Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болды.

Қорғаныс министрлігі ресми сайты

Штаб бастығы – Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болып тағайындалды.

Қорғаныс министрлігі ресми сайты

 

Бөлісу:
Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар