Спорт
1 мин оқу 280
Ел қоржынына алғашқы медаль - қола жүлде түсті
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті, дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Балуандардың белдесулерінде мажар, түрікмен, әзербайжандық дзюдошыларды тізе бүктірген, оларға қоса, қола жүлде үшін болған кездесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты жеңген Сұңғат Жұбатқанның кеудесіне қола медаль тағылды.
28 шілде күні басталып, 8 тамызға дейін созылатын аталмыш универсиадада 90 қазақстандық студент спорттың түрлі салалары бойынша бақ сынасады.
Бөлісу: