БҚО-да күшті жел ағаштарды құлатып, үй шатырларын ұшыртқан
<p style="text-align: justify;">Аталмыш оқиғалар 29 шілде күні Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Орал қаласында Гагарин көшесі 2/5-мекенжайында сағат 15.54-те ағаш автокөлікке құлаған.
Ағаш басып қалған автокөліктен жүргізуші шыға алмай отырған. Құтқарушылар тобы ағашты кесіп, автокөлікті босатты. Жұмыс сағат 16.40-та аяқталған.
Сондай-ақ Теректі ауданының Подстепный ауылында екпіні секундына 13 метрге дейін жеткен күшті жел сағат 17.00-де бір қабатты төрт пәтерлік үй шатырын (50 шаршы метр) жұлып түсірген.
«Орал көшесі 15-мекенжайда орналасқан үйдің жалпы аумағы – 180 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ведомство.