Спорт
1 мин оқу 200

Төрт медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жат&shy;қан ХХХІ дүниежүзілік Жазғы уни&shy;версиадада жерлестеріміз кезекті жүлделерімен жанкүйерлерін қуантып жатыр.</p>

Төрт медаль жеңіп алды

Жарыстың кезекті күнінде еліміздің студент спортшылары тағы төрт медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, үш позициядан 50 метрге мылтықпен оқ атуда құрамында Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин бар еліміздің ұлт­тық құрамасы мен жуырда ғана оқ ату спор­тынан Оңтүстік Кореяда мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпио­натында топ жарған Никита Чирюкин Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ он метрден мылтықтан оқ ату бойынша командалық сайыста Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин Үндістан мен Қытай өкілдеріне жол беріп, үшінші нәтиже көрсетті. Дзюдо бәсекесінде белдескен Асқар Нарқұлов та үздіктер қатарынан көрініп, ел қоржыны­на кезекті қола жүлдені салды. 73 кило сал­мақта белдескен жерлесіміз үшінші орын үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Шыңғысжан Сағыналиевтен басым түсті.

Екінші жарыс күнінің қорытынды­сы бойынша, жерлестеріміздің еншісінде ­5 жүлде (2 күміс, 3 қола) бар.

Бөлісу:
Төрт медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар