Теннис
1 мин оқу 150

Евсеев ерлеген күн

<p style="text-align: justify;">Теннистен әлемдік рейтингте 412-сатыда тұрған жерлесіміз Денис Евсеев Астанада ұйымдастырылған Прези&shy;дент кубогі аясындағы &laquo;Челленджер&raquo; жарысының жекелей сынында жеңім&shy;паз атанды.</p>

Евсеев ерлеген күн

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркел­ген жерлесіміз финалдық бәсекеде дүниежүзі­лік рейтингте 570-орында тұрған өзбекстан­дық Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен жеңіліп жатып, тамаша камбэк жасады. Қатарынан жеті геймде жеңіске жетіп, бірінші партияны 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады. Дегенмен, екінші сетте өзбекстандық спортшы бәрібір өз дегеніне жетіп, 6:2 есебімен таразы басын теңестірді.

Ал үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 6:4 есебімен жеңіске жетіп, өзінің спорттық жолындағы ең ірі табысына қол жеткізді.

Бөлісу:
Евсеев ерлеген күн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар