Елорда
1 мин оқу 120

Елорданың Республика даңғылы учаскесі жабылды

<p style="text-align: justify;">Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, жөндеу жұмысына байланысты Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы 30 шілдеден тамыз айының 20-сына дейін ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары, қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу: