Әлем
1 мин оқу 290

Бейжіңдегі су тасқынынан 11 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қытай астанасы Бейжіңде &laquo;Доксури&raquo; супер тайфуны салдарынан 29 шілдеден бері толассыз жаңбыр&nbsp;жауып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.news.cn/2023-08/01/c_1129779863.htm">Синьхуа</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бейжіңдегі су тасқынынан 11 адам қаза тапты

1 тамыздағы жағдай бойынша Бейжіңде нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан кемінде 11 адам қаза тауып, 27 адам із-түзсіз жоғалған.

Құрбан болғандардың көпшілігі - қатты жаңбырдан ең көп зардап шеккен қала маңындағы Ментугу ауданының тұрғындары.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Бейжіңде 44 мыңнан астам адам су тасқынынан зардап шекті, ал 127 мың адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Қазір құзырлы органдар су тасқынынан келген шығынды есептеп жатыр.

Бөлісу: