Қазақстан
1 мин оқу 592

Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне нан күні енгізілді

<p style="text-align: justify;">Үкімет 27 шілдедегі&nbsp;<a href="http://law.gov.kz/client/#!/doc/184382/rus" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қаулыға</a>&nbsp;сәйкес мереке күндерінің тізбесін жаңа редакцияда бекітті. Мерекелік күндердің қатарына Нан күні енгізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нан күні Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізіміне 2019 жылы енгізілген.

Нан - азық-түліктің ішіндегі ең маңызды және ең танымал, сүйікті тағамдардың бірі. Ежелден бері әлемнің барлық халықтарында нан ерекше құрметке ие болып келеді. 

Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.

2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне нан күні енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар